Жұмыссыз қалған жағдайда, мемлекет тарапынан қолдауға қалай тез ие болуға болады?

Жұмыссыз қалған жағдайда, мемлекет тарапынан қолдауға қалай тез ие болуға болады?

3 қарапайым қадамды орындаңыз:

  1. Enbek.kz порталына телефон нөмірі немесе электрондық пошта арқылы тіркеліңіз;
  2. Порталдағы жеке кабинетте жұмыс іздеуші ретінде тіркеліңіз. Сондай-ақ, порталдағы бос жұмыс орындар тізімін бақылаңыз;
  3. Егер 3 жұмыс күнінен кейін жұмыс табылмаса, сіз автоматты түрде жұмыссыз азамат мәртебесіне ие боласыз. Сонда сізге қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Ұрпақтар келісім-шарты», «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары қолжетімді болады. Сонымен қатар, сіздің жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқығыңыз бар болуы мүмкін.

Enbek.kz порталының барлық артықшылықтарын пайдаланыңыз