Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен барлық мүдделі мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру процесіне тарту мақсатында 2021 жылғы 5 қазанда ZOOM және Facebook тұғырнамаларында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Тайынша ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша бөлімдері қатысты: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы.

Facebook платформасында тікелей эфир барысында жоғарыда аталған бөлімдердің басшылары жазылушыларға жетекшілік ететін салалардың қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі жаңалықтар туралы қысқаша ақпарат берді. Бұдан басқа, тікелей эфирге түсініктемелерде келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Келесі бағыттар бойынша 18 сұрақ түсті:

  • жер қатынастары саласы — 4 сұрақ;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары — 5 сұрақ;
  • ауыл шаруашылығы — 6 сұрақ;
  • құрылыс, сәулет және қала құрылысы — 2 сұрақ;
  • халықты жұмыспен қамту орталығы — 1 сұрақ.

ZOOM бағдарламасында ұйымдастырылған конференциялар барысында мемлекеттік қызметтерді алу және оларды электрондық үкімет веб-порталы арқылы тікелей көрсету мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Сонымен, келесі бағыттар бойынша барлығы 29 сұрақ түсті:

  • жер қатынастары саласы — 6 сұрақ;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары — 9 сұрақ;
  • ауыл шаруашылығы — 7 сұрақ;
  • құрылыс, сәулет және қала құрылысы — 7 сұрақ.

Тайынша ауданы әкімінің аппараты