2021 жылғы 31 тамызында «СҚО Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ-де Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының бас маманы Ю.М. Мигачеваның, мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi мемлекеттiк қызметтер басқармасының сарапшы — бас маманы Е.Ж. Болатовтың, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмi аппаратының басшысы Б.Б. Абулғазинованың, қатысуымен бұзушылықтардың алдын алу бойынша онлайн-семинар өткiзiлдi, онда «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңды, мемлекеттiк қызмет көрсету Қағидасын бұзу фактiлерiнiң алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргiзiлдi.