Тайынша ауданында мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселелерi бойынша азаматтарды қабылдау

Тайынша ауданында мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселелерi бойынша азаматтарды қабылдау

2021 жылғы 04 тамызда сағат 11-00-де Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бастамасымен ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң Тайынша аудандық филиалының төрайымы Н.В. Попова мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселелерi бойынша азаматтарды қабылдады.

Аудан азаматтарын автокөлiк, ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу, жер қатынастары, азаматтық хал актiлерiн тiркеу және т. б. мәселелер қызықтырды.

Азаматтарды қабылдау барысында барлық қойылған сұрақтар бойынша түсiнiктемелер берiлдi.