13 сәуірде Тайынша ауданының әкімі Драгомиров және Чермошнян ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықпен кездесу барысында жолдардың сапасына, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, аумақтарды абаттандыруға, сондай-ақ жұмысқа орналасуға және мемлекеттік қолдау шараларына байланысты мәселелер көтерілді. Барлық көтерілген тақырыптар бойынша жауапты мемлекеттік органдарға түсіндірмелер мен нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімі мұндай кездесулер ауыл тұрғындарының пікірін тікелей тыңдауға, жұмыстың басым бағыттарын айқындауға және туындаған проблемаларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту және Ауылда өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер жеке бақылауға алынды, жауапты тұлғаларға белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, олардың уақтылы шешілуін қамтамасыз ету тапсырылды.