Халықпен кездесулер

Халықпен кездесулер

08 сәуірде Тайынша ауданының әкімі Зеленогай, Киров және Тихоокеан ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті
Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылымды дамытуға, жолдардың жай-күйіне, елді мекендерді абаттандыруға, сондай-ақ жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдауға қатысты өзекті мәселелерді айтты. Барлық өтініштер бойынша жауапты қызметтерге түсініктемелер мен тиісті тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі мұндай кездесулер ауыл тұрғындарының пікірін тікелей тыңдауға, жұмыстың басым бағыттарын айқындауға және туындаған проблемаларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту және ауылда өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер жеке бақылауға алынды, жауапты тұлғаларға белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, олардың уақтылы шешілуін қамтамасыз ету тапсырылды.