Халықпен кездесулер

Халықпен кездесулер

2026 жылғы 7 сәуірде Тайынша ауданының әкімі Летовочный, Краснополян және Рощинск ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Ауданда 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Кездесуде абаттандыру, ауылішілік жолдарды жөндеуге қатысты және басқа да сұрақтар қойылып, олар бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Округ тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.