Күн тәртібінде қарастырылғандар:
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы туралы және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондары мен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін тиісті қалыпқа келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы;
ауданның тау-кен өнеркәсібін дамыту туралы;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарып жатқан жұмысы туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға абаттандыру мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимылды жандандыру, кәсіпкерлікті қолдаудың қолда бар бағдарламалары туралы халықпен ақпараттық жұмыс жүргізу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізу және т. б. тапсырылды.