2026 жылғы 18 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда келесідегі мәселелер қаралды:
«Тайынша ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ, «Тайынша ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ және «Тайынша ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы;
Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету туралы. Мемлекеттік қызметшілердің негізсіз баюына жауапкершілігі туралы;
Ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы.
Осы отырыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.