
Ағымдағы аптада әлеуметтік серіктестік аясында Большеизюм, Чермошнян, Тендік, Алабота, Абай, Яснополян және Амандық ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жұмыс кездесулері өткізілді. Кездесулер барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен абаттандыру мәселелері талқыланды.
Ауылдық округтердің әкімдері ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру және жергілікті тауар өндірушілермен өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша бастамаларымен бөлісті.
Кездесулердің қорытындысы бойынша әлеуметтік серіктестік аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.