Аудан әкімдігінің отырысы

Аудан әкімдігінің отырысы

2026 жылдың 29 қаңтарында Тайынша ауданының әкімі Б.А. Әлжанов аудан әкімдігінің отырысын өткізді.

Күн тәртібінде қарастырылды:

ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2025 жылғы бюджеттің атқарылу қорытындылары;

2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру және ағымдағы жылға арналған жоспарлар;

құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар;

2025 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру;

әкімдіктің 2025 жылғы 4 тоқсандағы отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға, халықтың барлық деңгейдегі әкімдермен кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыруды жалғастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыру, әкімдік тапсырмаларының орындалуын аяқтауды қамтамасыз ету, қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары мәселелері бойынша халықпен ақпараттық жұмыс жөніндегі жұмысты жалғастыру және т. б. тапсырылды.