Халықпен кездесулер

Халықпен кездесулер
Тайынша ауданының әкімі Б.А. Әлжановтың жұмыс сапары аясында Драгомиров, Келлер, Краснополян, Рощинск және Чермошнян ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, инфрақұрылымды жақсарту, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Кездесулер барысында көтерілген мәселелерге сәйкес, ауылдық округтердің әкімдері мен тиісті бөлімдер ұсынған бастамалар бойынша жұмысты жалғастырып, қажетті есептеулерді жүргізеді, қойылған міндеттерді іске асыру үшін бюджеттік өтінімдер дайындайтын болады.
Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарға Қазақстан Республикасы Президенті «Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы» республикалық форумында белгілеген негізгі міндеттер туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің жұмыс тиімділігін арттыруға, инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін шешуде, олардың жеке қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы атап өткендей: «Басшының басты міндеті – халыққа қызмет ету. Ауыл әкімі болу үшін ауыл жағдайын жақсы білумен шектелу жеткіліксіз. Халықтың сеніміне ие болып, олардың әл-ауқатын арттыруға атсалысып, оларды ортақ мақсаттарға жетелеу қажет».
Аудан әкімі сондай-ақ барлық қойылған міндеттерді қоғамдық ұйымдармен, ардагерлер кеңестерімен, жастар бірлестіктерімен және жергілікті белсенділермен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асыру қажеттігін айтты. Бұл жағдай өзекті мәселелерді жедел шешуге ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың пікірін ескеретін ұзақ мерзімді даму жоспарларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.