«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға  жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

 

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.01.2025 - 17.01.2025

Қабылдау 1 этап: 20.01.2025- 22.01.2025

Қабылдау 2 этап: 24.01.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.01.2025

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 29.01.2025

Сұхбат: 03.02.2025

Анықтама телефоны: 87153621426

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық жалақы қызметкердің өтіліне нақты жұмыс байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

 

Ауылдық  округ  әкім  аппаратының  құжаттамалық  қызметін  қамтамассыз етуді  жүзеге  асыру,  нормативтік  –  құқықтық  актілерді  даярлау,  іс  жүргізуді әске  асыру,  хаттармен,  шағымдармен,  азаматтардың  өтініштерімен,  ЕУОЛ бағдарламасымен  жұмыс,  азаматтардың  жиналыстары  мен  жиылыстарына керекті  материалдарды  даярлау,  ауылдық  округ  әкімі  қатысқан  жиналыстарда хаттамалар жүргізу.

Сайлаушылардың  тізімдерін  салыстыруды  жүргізеді,  сайлаушылардың сандық  құрамы  бойынша  әр  тоқсан  бойынша  ақпарат  тапсыру,  қосшы  билер тізімдерін  даярлау  бойынша  жұмыс  жүргізу.  Ауылдық  округ  мамандарына қатысты  нотариалдық  жұмыстарды  жүзеге  асыру.  Азаматтық  қалып  актілерін тіркеу бойынша бақылауды жүргізу. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.  Ауылдық  округ  әкім  аппаратының  кадрлық  қызметінің  құжаттамалық қамтамассыздығы  жайлы  жұмыс  жүргізу.  Келіп  түсетін  құжаттамалармен жұмыс жасау. Кәсіпсіз медиаторлармен жұмыс. Мәдениет мәселелерін шешуге көмектесу.

 

Қосымша талаптар:

«Б»  корпусы  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдарына  үлгілік  біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Білімі бойынша талап:

 

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: менеджмент, құқықтану, филология, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлікті пайдалану және  жүк  қозғалысы  мен  тасымалдауды  ұйымдастыру,  әлеуметтік  жұмыс, ақпараттық  жүйелер,  экономика,  қазақ  тілі  және  әдебиеті,  кітапхана  ісі,  орыс тілі және әдебиеті, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қазақ тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі,  орыс  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі,  заңгер, 051801  2  -  Бухгалтер,  бухгалтер-кассир,  мемлекеттік  сатып  алу  жөніндегі менеджері, менеджер, ақпараттық жүйелер технигі

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Үміткерлер  уәкiлеттi  органға  немесе  оның  аумақтық  бөлiмшесiне,  не  сот тәртiбiнде  конкурс  қорытындыларына  және/немесе  кадр  қызметінің  әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.