Әкімдік сіздерді ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысуға шақырады. Іс-шара елді мекен аумағын абаттандыру және көгалдандыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты-экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру және өмір сүруге қолайлы орта құру.
📅 Күні: 25.04.2026 ж.
🕘 Уақыты: 10:00
Барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарды, ұйым өкілдері мен жастарды белсенді қатысуға шақырамыз.
Өзіңізбен бірге қолғап пен керек-жарақ алу ұсынылады.
Біз бірге елді мекенімізді таза, жасыл және жайлы етеміз!
#ТазаҚазақстан #ТазаОрта