«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің бюджетін 2026-2028 жылдарға арналған бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
мәслихаты шешімінің жобасына
Пресс-релиз
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 91-бабының 3-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
2026-2028 жылдарға арналған Тихоокеан ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 52-бабының негізінде есептелді, 2023-2024 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2025 жылғы бағалау есепке алынды.
2026 жылға арналған Тихоокеан ауылдық округінің бюджетіне кірістердің болжамды көлемі 10711 мың теңге, 2027 жылға – 11247 мың теңге, 2028 жылға – 11809 мың теңге сомасында айқындалды.
2026 жылға аудандық бюджеттен облыстық бюджеттен 1705 мың теңге, аудандық бюджеттен 1200 мың теңге, аудандық бюджеттен Тихоокеан ауылдық округінің бюджетіне берілетін 22185 мың теңге сомасында бюджеттік субвенция түсімі жоспарланып отыр.
Тихоокеан ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 2026 жылға – 35801 мың теңге, 2027 жылға – 35217 мың теңге, 2028 жылға – 35869 мың теңге.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Тихоокеан ауылдық округ әкімі Е. М. Бәкіров