Тайынша аудандық мәслихатының шешіміне
Солтүстік Қазақстан облысының «Бюджетті бекіту туралы
Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған» Түсіндірме жазба
Қолда бар салық базасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің бюджетіне 2026 жылға түсімдердің болжамды көлемі 10711 мың теңге, 2027 жылға 11247 мың теңге, 2028 жылға 11809 мың теңге сомасында айқындалған.
2026 жылғы түсімдердің жалпы көлемінде салық түсімдері 10711 мың теңгені, субвенциялар мен трансферттер түсімдері 25090 мың теңгені құрайды.
Кіріс көздері Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексінің 52 - бабының және «Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Премьер-Министрі орынбасарының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №138 бұйрығының негізінде есептелген.
Салық түсімдері бойынша бюджеттің кіріс көздері: мүлік салығы және Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар.
Мүлік салығы
2026 жылы болжам 2023-2024 жылдардағы түсімдер динамикасын, 2025 жылғы түсімдерді бағалауды ескере отырып, Салық кодексіне сәйкес айқындалатын салық салу объектілеріне сүйене отырып, 2490 мың теңге көлемінде есептелген. 2027 жылға болжам 2786 мың теңге, 2027 жылы 2994 мың теңге сомасында болжанады.
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық 2024 жылға арналған мемлекеттік кірістерді басқаруға берілген декларациялар, бар берешектер мен артық төлемдер, түсімдер динамикасын талдау негізінде есептелген. 2026 жылы түсімдердің болжамы 49 мың теңгені, 2027 жылы 51 мың теңгені, 2028 жылы 52 мың теңгені құрайды.
Жер салығын есептеу 2023-2024 жылдардағы түсімдер динамикасына сәйкес жүргізілді. Бұл ретте ағымдағы жыл бойынша жер салығының салықтық әлеуеті және инфляцияның болжамды деңгейі ескерілді. 2026 жылғы болжам 11 мың теңге сомасында түсімдерді көздейді. 2027 жылы түсімдердің болжамды сомасы 11 мың теңгені, 2027 жылы 12 мың теңгені құрайды.
2026 жылға арналған көлік құралдарына салынатын салық салық салынатын базаның өзгеруіне және инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы жылғы көлік құралдарына салынатын салықтың салықтық әлеуеті негізінде есептелген. 2026 жылға арналған салықтың осы түрі бойынша жоспар 2430 мың теңге көлемінде болжанады, оның ішінде: заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтың болжамы 30 мың теңге, жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салықтың болжамы 2400 мың теңге.
2027 жылы көлік құралдарына салынатын салық болжамы 2724 мың теңге, 2028 жылы 2930 мың теңге көлемінде есептелген.
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар
2026 жылы болжам Салық кодексіне сәйкес айқындалатын салық салу объектілері негізінде 2427 мың теңге сомасында мың теңге көлемінде есептелген. 2027 жылға болжам 2605 мың теңге, 2028 жылы 2665 мың теңге сомасында болжанады.
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер 2023-2024 жылдардағы түсімдер динамикасына сәйкес жүргізілді. Бұл ретте ағымдағы жыл бойынша табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдердің салықтық әлеуеті және инфляцияның болжамды деңгейі ескерілді. 2026 жылғы болжам 2427 мың теңге сомасында түсімдерді көздейді. 2027 жылы түсімдердің болжамды сомасы 2605 мың теңгені, 2028 жылы 2665 мың теңгені құрайды.
Трансферттер түсімдері
2026 жылға арналған облыстық бюджеттен жоспарланып отырған трансферттер түсімі 1705 мың теңгені, 2027 жылға 1705 мың теңгені, 2028 жылға 1705 мың теңгені құрайды.
2026 жылға арналған аудандық бюджеттен жоспарланған трансферттер түсімі 1200 мың теңгені құрайды.
2026 жылға арналған аудандық бюджеттен субвенция түріндегі трансферттердің жоспарланып отырған түсімі 22185 мың теңгені, 2027 жылға 22265 мың теңгені, 2028 жылға 22356 мың теңгені құрайды.
Шығындар
2026-2028 жылдарға арналған шығыстар бойынша бюджеттің болжамды параметрлері "бюджетті жоспарлау қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 бұйрығы негізінде есептелген.
Шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жүргізілді.
Қағидаларға сәйкес, жоспарланатын кезеңге арналған ағымдағы шығындардың болжамды көлемі қызметтерді тұтынушылар санына қарай айқындалған.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 10-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуге қаражат жоспарланған.
1,05 коэффициентін қолдана отырып, 2025 жылғы бекітілген бюджетке арналған өзге де шығыстар.
Тихоокеан ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 35801 мың теңге, 2027 жылы 35217 мың теңге, 2028 жылы 35869 мың теңге.
Мемлекеттік басқару органдары
Мемлекеттік басқару органын ұстауға арналған шығындар «Тайынша ауданының атқарушы органдарының штат санының лимиттерін белгілеу туралы» Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 114 қаулысымен бекітілген атқарушы органның штат санының лимитіне есептелген.
2026 жылға шығыстар 124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 26774 мың теңге, 2027 жылға 26920 мың теңге, 2028 жылға 27075 мың теңге көзделеді.
124022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылға 1200 мың теңге қарастырылған.
Жилищно - коммунальное хозяйство
124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылға 3101 мың теңге, 2027 жылға 3287 мың теңге, 2028 жылға 3484 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылға 525 мың теңге, 2027 жылға 557 мың теңге, 2028 жылға 590 мың теңге.
124011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылға 1196 мың теңге, 2027 жылға 1268 мың теңге, 2028 жылға 1344 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Көлік және коммуникация
124013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылға арналған шығыстар 3005 мың теңге, 2027 жылға 3185 мың теңге, 2028 жылға 3376 мың теңге.
Тихоокеан ауылдық округі әкімі Е.М. Бәкіров