«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.11.2025 - 12.11.2025
Қабылдау 1 этап: 13.11.2025- 17.11.2025
Қабылдау 2 этап: 19.11.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.11.2025
Сұхбат: 01.12.2025
Анықтама телефоны: 87153621426
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің әкімінің аппараты" КММ бас маманы-бас бухгалтері, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Бухгалтерлік есеп жүргізу; қызметкерлерге жалақы есептеу; БЖЗҚ аударымдарды жүзеге асыру; есеп беруді салық, қаржы, статистикалық органдарға ұсыну; негізгі қаражаттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін және қозғалысын жүргізу; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын, оның орындалуы бойынша ағымдағы есеп беруді құрастыру; тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсететін қызметтерді жеткізушілермен шарттардың жобаларын жасау. «В» блогы.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: қаржы, экономика, есеп және аудит, бухгалтер, экономист, қаржы, банк және сақтандыру ісі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.