«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.05.2025 - 05.06.2025

Қабылдау 1 этап: 09.06.2025- 11.06.2025

Қабылдау 2 этап: 13.06.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.06.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.06.2025

Сұхбат: 23.06.2025

Анықтама телефоны: 87153621426

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210087

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің әкімінің аппараты" КММ бас маманы-бас бухгалтері, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есеп жүргізу; қызметкерлерге жалақы есептеу; БЖЗҚ аударымдарды жүзеге асыру; есеп беруді салық, қаржы, статистикалық органдарға ұсыну; негізгі қаражаттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін және қозғалысын жүргізу; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын, оның орындалуы бойынша ағымдағы есеп беруді құрастыру; тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің жабдықтаушыларымен келісім шарттардың жобаларын құрастыру. «В» блогы.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: қаржы, экономика, есеп және аудит, бухгалтер, экономист, қаржы, банк және сақтандыру ісі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

  Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.