«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.09.2025 - 09.09.2025

Қабылдау 1 этап: 10.09.2025- 12.09.2025

Қабылдау 2 этап: 16.09.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 17.09.2025 Мәтіндік және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

20.09.2025

Сұхбат: 25.09.2025

Анықтама телефоны: 87153621426

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) 

Лауазым атауы:

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік және орыс тілдерінде құжаттау және іс жүргізуді ұйымдастыру. Келіп түскен азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын есепке алу және мазмұнын зерделеуін қамтамасыз ету, ауылдық округі әкімінің қарауына уақытымен тапсыру. БЕАТ бағдарламасын, азаматтардың ұсыныстарын қарау және бақылау. Жұмыс кестесін қалыптастыру және жоспарлау, келушілерді қабылдау кестесін реттеу.

Азаматтардың жиындарын және жиналыстарын өткізу құжаттар дайындау. Ауылдық округі әкімі қатысқан жиналыстарда хаттама жүргізу. Нормативтік- құқықтық актілер дайындау (ауылдық округ әкімінің шешімдерін, өкімдерін дайындау). Азаматтық жай — күй актілерінің тіркеуін бақылау. Құжаттардың сақталуын қамту, ауылдық округ әкімінің шешімдерін, жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындаушыларға уақытылы жеткізілуін қадағалау. Ауылдық округ әкімі аппаратының іс номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттарды дайындап, тапсыру. Мамандандырылмаған медиатрлардың тізіміне реестр жүргізу. Әкім аппаратының веб-сайттарының (мемлекеттік органның электрондық ақпараттық ресурстар) жұмысын жүргізу және әзірлеу. «А» блогы.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан

кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: менеджмент, зоотехния, статистика, агрономия, кітапхана ісі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, аударма ісі, математика, құқық, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, ветеринария, қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, бизнес және басқару, гуманитарлықғылымдар, жерге орналастыру, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, өнер, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, денсаулық сақтау, 010100 0

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, құқық, мұрағатшы — Аударама жұмысы (түрлері бойынша), 051801 2 — Бухгалтер, экономист, агроном — Ауыл шаруашылығын механикаландыру, жерге орналастыру, зоотехник, кітапханашы, банк және сақтандыру ісі, менеджмент және басқару, техник — статистик, ветеринария, әлеуметтік қызметкер.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.