2024 жылғы 10 маусымнан 25 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектінің қызметін және объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындап, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.