Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.11.2025 - 12.11.2025
Қабылдау 1 этап: 13.11.2025- 17.11.2025
Қабылдау 2 этап: 19.11.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.11.2025
Сұхбат: 01.12.2025
Анықтама телефоны: 87153621426
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бас маман-бас бухгалтері, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Бухгалтерлік есепті және есептілікті, есептік-қаржылық құжаттаманы жүргізу. Қызметкерлердің жалақысын есептеуге; қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік және медициналық аударымдарды аударуға. Негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың есебін және қозғалысын, түгендеуді жүргізу. Заңнамада белгіленген мерзімде жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, айлық және ағымдағы есептерді, декларацияларды, ақпараттарды уақтылы ұсыну. Бюджетті, бюджеттік бағдарламаларды, жылдық қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік мекеме бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау және орындау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, олардың орындалуы бойынша есептілікті жүргізу. Бюджет қаражаттарының түсуі мен игерілуі бойынша күнделікті мониторинг жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттама мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу: Мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен шарттардың жобаларын жасау және дайындау, шарттардың орындалуын бақылау, орындалған жұмыстардың актілерін, салыстыру актілерін қабылдауды қамтамасыз ету. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын (ҚБШ) жүргізу, жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын жасау. «Парус-КАЗ Бюджет» бағдарламалық өнімін жүргізу. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау. «В» блогы.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: экономика, қаржы, есеп және аудит, бухгалтер-кассир, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.