«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.02.2025 - 14.02.2025

Қабылдау 1 этап: 17.02.2025- 19.02.2025

Қабылдау 2 этап: 21.02.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.02.2025

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 26.02.2025

Сұхбат: 03.03.2025

Анықтама телефоны: 87153621426

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалыс кезеңіне 2027 жылғы 24 қыркүйегіне дейін), E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Кадрлық іс-қағаздарын жүргізу.

Мұрағаттық іс-қағаздарын жүргізу.

Нормативті-құқықтық актілерді (ауылдық округ әкімінің шешімдерің) дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің жұмыс өтілін анықтау бойынша комиссия отырысын өткізу. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, жоғарыда тұрған органдардың, ауылдық округі әкімінің шешімдерін орындаушыға уақытылы жеткізілуін бақылау. Кәсіби емес медиаторлармен жұмыс. Нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру. «Ашық НҚА» порталында НҚА тіркеу. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын ресми сайтта, әлеуметтік желілерде жариялау. Хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша құжаттарды дайындау.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: білім (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және/немесе

орыс

тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі); өнер және гуманитарлық ғылымдар (мұрағатшы және/немесе - аударама жұмысы (түрлері бойынша)); бизнес,

 

басқару және құқық (құқықтану және/немесе экономика және/немесе менеджмент және/немесе есеп және аудит және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе маркетинг); әлеуметтік ғылымдар және ақпарат (кітапханашы); бизнес, басқару және құқық

(құқық

және/немесе маркетинг (сала бойынша) және/немесе менеджмент (қолдану саласы                 мен      облысы      бойынша));      ақпараттық-коммуникациялық

технологиялар

(есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); педагогикалық ғылымдар    (мектепке     дейінгі     тәрбие    және     оқыту     және/немесе

жаратылыстану

пәндері бойынша мұғалімдер даярлау және/немесе гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар және/немесе өнер); әлеуметтік ғылымдар, журналистика    және     ақпарат    (әлеуметтік     ғылымдар    және/немесе

журналистика

және ақпарат).

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.