«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз хабарламасы

 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз хабарламасы

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9 және 75-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы болып табылады. 

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.2025-2027 жылдарға арналған Амандық ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 52-1-бабы негізінде есептелді, 2022-2023 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2024 жылғы бағалау есепке алынды.           

Амандық ауылдық округінің бюджетіне 2025 жылға арналған кірістердің болжамды көлемі 10200 мың теңге, 2026 жылға – 10557 мың теңге, 2027 жылға – 10926 мың теңге сомасында айқындалды. 2025 жылға аудандық бюджеттен Амандық ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін 28797 мың теңге сомасында бюджеттік субвенция түсімі жоспарлануда. 2025 жылға арналған Амандық ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі – 38997 мың теңге, 2026 жылға – 39595 мың теңге, 2027 жылға – 40205 мың теңге.            

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.           

Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15332478 ссылкасында орналастырылған.   

Амандық ауылдық округі әкімі Н. Тасымов