«Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті бекіту туралы»  Тайынша аудандық мәслихатының шешіміне түсіндірме жазбахаты

«Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті бекіту туралы»   Тайынша аудандық мәслихатының шешіміне  түсіндірме жазбахаты

Қолда бар салық базасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің бюджетіне 2025 жылға түсімдердің болжамды көлемі 10200 мың теңге, 2026 жылға 10557 мың теңге, 2027 жылға 10926 мың теңге сомасында айқындалған.

 2025 жылғы түсімдердің жалпы көлемінде салық түсімдері 9131 мың теңгені, Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1069 мың теңгені, Субвенциялар түсімдері 28797 мың теңгені құрайды.

Кіріс көздері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 52-1-бабы және бюджет түсімдерін болжау әдістемесі негізінде есептелген.

Салық түсімдері бойынша бюджеттің кіріс көздері: мүлік салығы және тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар.

Мүлік салығы

2025 жылы болжам 2022-2023 жылдардағы түсімдер динамикасын, 2024 жылғы түсімдерді бағалауды ескере отырып, Салық кодексіне сәйкес айқындалатын салық салу объектілері негізінде 6984 мың теңге көлемінде есептелген. 2026 жылға болжам 7228 мың теңге, 2027 жылы 7482 мың теңге сомасында болжанады.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық 2023 жылға арналған мемлекеттік кірістерді басқаруға берілген декларациялар, бар берешектер мен артық төлемдер, түсімдер динамикасын талдау негізінде есептелген. 2025 жылы түсімдердің болжамы 81 мың теңгені, 2026 жылы 84 мың теңгені, 2027 жылы 87 мың теңгені құрайды.

Жер салығын есептеу 2022-2023 жылдардағы түсімдер динамикасына сәйкес жүргізілді. Бұл ретте ағымдағы жыл бойынша жер салығының салықтық әлеуеті және инфляцияның болжамды деңгейі ескерілді. 2025 жылғы болжам 349 мың теңге сомасында түсімдерді көздейді. 2026 жылы түсімдердің болжамды сомасы 361 мың теңгені, 2027 жылы 374 мың теңгені құрайды.

2025 жылға арналған көлік құралдарына салынатын салық базаның өзгеруіне және инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы жылғы көлік құралдарына салынатын салықтың салықтық әлеуеті негізінде есептелген. 2025 жылға арналған салықтың осы түрі бойынша жоспар 6429 мың теңге көлемінде болжанады, оның ішінде: заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтың болжамы 2809 мың теңге, жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салықтың болжамы 3620 мың теңге.

2026 жылы көлік құралдарына салынатын салық болжамы 6654 мың теңге, 2027 жылы 6887 мың теңге көлемінде есептелген.

Бірыңғай жер салығын есептеу 2022-2023 жылдардағы түсімдер динамикасына сәйкес жүргізілді. Бұл ретте ағымдағы жыл бойынша жер салығының салықтық әлеуеті және инфляцияның болжамды деңгейі ескерілді. 2025 жылғы болжам 125 мың теңге сомасында түсімдерді көздейді. 2026 жылы түсімдердің болжамды сомасы 129 мың теңгені, 2027 жылы 134 мың теңгені құрайды.

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

 2025 жылы болжам Салық кодексіне сәйкес айқындалатын салық салу объектілері негізінде 265 мың теңге сомасында мың теңге көлемінде есептелген. 2026 жылға болжам 274 мың теңге, 2027 жылы 284 мың теңге сомасында болжанады.

 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер 2022-2023 жылдардағы түсімдер динамикасына сәйкес жүргізілді. Бұл ретте ағымдағы жыл бойынша табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдердің салықтық әлеуеті және инфляцияның болжамды деңгейі ескерілді. 2025 жылғы болжам 265 мың теңге сомасында түсімдерді көздейді. 2026 жылы түсімдердің болжамды сомасы 274 мың теңгені, 2027 жылы 284 мың теңгені құрайды.

 2025 жылға арналған материалдық емес активтерді сатудан түсетін түсімдердің жоспарланып отырған сомасы 1069 мың теңгені, 2026 жылға 1106 мың теңгені, 2027 жылға 1145 мың теңгені құрайды.

 Трансферттер түсімдері

2025 жылға арналған аудандық бюджеттен субвенция түріндегі трансферттердің жоспарланып отырған түсімі 28797 мың теңгені құрайды.

 Шығындар

2025-2027 жылдарға арналған шығыстар бойынша бюджеттің болжамды параметрлері "Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы негізінде есептелген.

Шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жүргізілді.

Әдістемеге сәйкес жоспарланған кезеңге арналған ағымдағы шығындардың болжамды көлемі қызметтерді тұтынушылар санына қарай айқындалған.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 10-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуге қаражат жоспарланған.

1,05 коэффициентін қолдана отырып, 2024 жылғы бекітілген бюджетке арналған өзге де шығыстар.

Амандық ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 38997 мың теңге, 2026 жылы 39595 мың теңге, 2027 жылы 40205 мың теңге.

 Мемлекеттік басқару органдары

Мемлекеттік басқару органын ұстауға арналған шығындар "Тайынша ауданының атқарушы органдарының штат санының лимиттерін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 114 қаулысымен бекітілген атқарушы органның штат санының лимитіне есептелген.

2025 жылға шығыстар 124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 32701 мың теңге, 2026 жылға 33078 мың теңге, 2027 жылға 33460 мың теңге көзделеді.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға 3398 мың теңге, 2026 жылға 3517 мың теңге, 2027 жылға 3640 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

124011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға 2484 мың теңге, 2026 жылға 2571 мың теңге, 2027 жылға 2661 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

 Көлік және коммуникация

124013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар 2025 жылға 414 мың теңге, 2026 жылға 429 мың теңге, 2027 жылға 444 мың теңге.

Амандық ауылдық округінің әкімі Н. Тасымов