«СҚО Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жоспары

«СҚО Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі  әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жоспары

Тайынша ауданы

Алабота ауылдық округі

әкімі аппаратының

2026 жылғы «21» мамырдағы

№20-НҚ өкіміне 2 қосымша

 

 

 

«СҚО Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі

 әкімінің аппараты» КММ

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

жүргізу бойынша жұмыс жоспары

 

 

р/с

Жұмыс түрлері

Мерзімі

Жауапты тұлға

1

Ақпарат жинау:

2025 ж. 01.07. бастап 2026 ж. 01.06. дейінгі кезеңдегі талдау объектісінің қызметі туралы есеп.

2025 ж. 01.07. бастап 2026 ж. 01.06.дейінгі кезеңдегі тәртіптік практика туралы ақпарат.

 

2026 ж. 08.06

 

2026 ж. 08.06

 

Жұмыс топтарының мүшелері

2

Талдау объектісінің қызметін, оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жасау.

Оның ішінде қызмет бағыттары бойынша:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа бейім лауазымдарды айқындау

2)мүдделер қақтығысын реттеу

3)рұқсат беру функцияларын іске асыру

4)бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

5)бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

6) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

7)ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

2026ж. 09.06-2026ж. 19.06.

 

Жұмыс топтарының мүшелері

 

 

 

3

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау

2026ж. 22.06.

Жұмыс топтарының мүшелері

4

Талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою

2026ж. 08.07.

Жұмыс топтарының мүшелері

5

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

2026ж. 13.07

Жұмыс топтарының мүшелері

 

*бұл мерзім мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының ішкі талдау жүргізу туралы шешімінде көрсетілген мерзімге сәйкес келуге тиіс