
2026 жылғы 1–30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші үлгілік базалық бағытты іске асыру аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында объектінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі талдауға жатады.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін аналитикалық анықтама дайындалады.