
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына сәйкес, 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарлама (хабарландыру) алғаш жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
2025 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 22 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.
Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, 3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкімдігінің ғимаратында 2025 жылдың 23 желтоқсанында
10 сағат 00 минутта конкурстың қорытындылары шығарылады.
Конкурстың шарттары :
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде болу керек:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер телімінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста болу керек:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: қатысушының қолымен куәландырылатын беттері нөмірленген тігілген түрде басылған немесе өшпейтін сиямен жазылған ұсынады "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, - жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген адам) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде). Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс» және «2025 жылғы 23 желтоқсанға дейін бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі.
Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.
Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурстық өтінім жеңімпазын айқындайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық ұсыныстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды, оларды түзетуге болады.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады.
Ұпайлар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін– 1 балл;
50 ден 70-ке дейін – 2 балл;
70 -тен 90-ға дейін – 3 балл;
90 -нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
5 -ке дейін– 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан аса – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге - ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50-ден аз ірі қара, жылқы, түйе-5 балл;
50 және одан да көп бас ірі қара, жылқы, түйе – 10 балл;
300-ден аз ұсақ мал басы-5 балл;
3)меншіктегі ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем-5 балл;
5 және одан көп бірлік-10 балл;
4) Технологиялық жабдықтың болуы:
1 бірлік-1 балл;
2 және одан көп бірлік-3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем-5 балл;
5 және одан да көп білікті мамандар-10 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі
Қосымша балл берген кезде жер комиссиясының мүшелері қатысушылар ұсынған растайтын құжаттарды басшылыққа алатын болады.
Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен айқындалады.
Бұл жағдайда комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын және ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкімінің www.tsh.sko.gov.kz «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ www.ozo-tsh.sko.gov.kz, сайтында немесе
8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады.
|
Конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі |
||||||
|
Жер телімдерінің сипаттамасы |
||||||
|
Алқаптардың құрамы (суарылмалы емес) |
Бонитет баллы |
Жалпы алаңы, га |
Топырақтардың сапалық сипаттамасы |
Орналасқан жері
|
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
|
Лот № 1 |
||||||
|
Егістік – 445 га, табиғи жайылым. - 42 га, бұталар 3 га, батпақтар – 2 га, жолдар – 1 га |
30 |
494
|
Дала аймағы, топырақ түрі-черноземы южные |
Амандық ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Лот № 2 |
||||||
|
Егістік – 599 га, табиғи жайылым. - 37 га, бұталар-4 га, жолдар – 2 га |
31,2 |
642
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Амандық ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Лот № 3 |
||||||
|
Егістік – 405 га, табиғи жайылым. - 6 га, жолдар – 1 га |
31,6 |
412
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 4 |
||||||
|
Егістік – 783 га, табиғи жайылымдар. - 38 га, жолдар – 3 га |
32,6 |
824
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 5 |
||||||
|
Егістік – 430 га, табиғи жайылым. – 13 га, жолдар – 2 га |
25,9 |
445 |
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 6 |
||||||
|
Егістік – 77 га, табиғи жайылым – 1 га, |
22
|
78
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Амандық ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 7 |
||||||
|
Егістік – 6 га, орман белдеулері – 0,3 га, өзге – 0,7 га |
13,5 |
7
|
Дала аймағы, топырақ түрі- оңтүстік қара топырақ |
Миронов ауылдық округі |
Бақшашылық |
бар |
|
Лот № 8 |
||||||
|
Егістік - 6 га, орман белдеулері – 0,2 га, өзге – 0,5 га |
13,9 |
6,7
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтарақ |
Миронов ауылдық округі |
Бақшашылық |
бар |
|
Лот № 9 |
||||||
|
Егістік – 73 га, жолдар – 0,9 га |
30,7 |
73,9
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Амандық ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 10 |
||||||
|
Егістік – 19,3 |
26,2 |
19,3
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Амандық ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 11 |
||||||
|
Егістік – 27 га, жақсартыған жайцылым. – 6 га, жолдар – 0,1 га |
22,3 |
33,1
|
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Амандық ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |