Жасанды ұя дайындығы

Жасанды ұя дайындығы

«Соколов орман шаруашылығы» КММ «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні» акциясы және құстардың жасанды ұяларын жасау бойынша әзірленген жоспар аясында 142 құс үйі дайындалып, ілінді.

Бұл іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында орналасқан 7 орта мектептен (Виноградов, Вагулин, Соколов, Бугров, Преснов, Налобин, Большемалышенка) 80 оқушыны тарта отырып, 5 орманшылық жұмылдырылды.

Акцияны өткізер алдында орман шаруашылығы мамандары әр мектепте оқушылармен жануарлар әлеміне ұқыпты қарау бойынша дәрістер өткізіп, құс үйлерінің болуы құстарды белгілі бір аймақтарға тартатыны және бұл ормандарға, көкөніс бақтары мен саяжайларға зиян келтіретін жәндіктердің санын реттеуге мүмкіндік беретіні түсіндірілді.

Табиғатқа көмектесуге деген ұмтылыстың өзі-ризашылық. Жалпы жақсы іске қатысу адамның моральдық денсаулығы үшін өте маңызды.

«Соколов орман шаруашылығы» КММ
аңшылық жүргізушісі Брюхов С. П.