«Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясын өткізу туралы хабарландыру

«Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні»  акциясын өткізу туралы хабарландыру

«Таза Қазақстан» іс-шаралары аясында 26 сәуірде Петропавл қаласында экоблогер Алексей Сибирский және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» КММ қолдауымен «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» бірлескен акциясы өткізіледі.

Өтетін орны: Борки сақинасының жанындағы Мещан орманы.

Акцияның басталуы таңғы сағат 09:00-де.

Іс-шара өтетін жерге келуге болатын қоғамдық көлік бағыттары: 4А, 5 м, 8М, 27.

Сіздерді белсенді жұмыс күтіп тұр - акцияға қатысу үшін 2-3 сағаттарыңызды бөлесіздер.

1,5 гектар орман қоры алқабына 15 мың дана қарағай көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Сіздерді құрал-саймандармен қамтамасыз етеміз, егуді, шұңқыршаларды қалай жасау керектігін айтамыз және көрсетеміз.

Өзіңізбен бірге не алуға болады:

  • Ауа-райға қарай арналған киім;
  • Қолғап;
  • Жақсы көңіл-күй.

Белсенді қатысуға шақырамыз, сіз бүкіл отбастарыңызбен, сондай-ақ ұжымдарыңызбен келе аласыздар!

Орналасқан жері: https://2gis.kz/petropavlovsk/geo/70030076198020291/69.137002,54.928330