2025 жылғы 24 сәуірде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» КММ басшысы Б. Қ. Исмановтың «PОNSSE» фин компаниясының өкілдерімен, Азия, Австралия және Африка елдері бойынша вице-президенті Jussi Hentunen және Қазақстан Республикасы бойынша өңірлік менеджері Arbo Louke-мен кездесуі өтті.
Компания ағаш кесудің және орман шаруашылығының басқа да бағыттарының түрлі шешімдерін енгізу бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады, әлемнің 30-дан астам елінде қызмет атқарады.
Кездесуде түрлі мәселелер: ағаш дайындау және қайта өңдеу іс-шаралары, орманды молықтыру, кәсіби кадрларды оқыту және дайындау, орман шаруашылығы саласындағы түрлі жобаларды іске асыру бағыттары талқыланды.
Қорытынды бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің басшысы В. А. Лабанчук