«Құстарға қонаққа» акциясы

«Құстарға қонаққа» акциясы

Облыстағы орман шаруашылықтарының жобаларына сәйкес орманды қорғау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар, оның ішінде құстар үшін жасанды ұялар (құс үйшігі, шымшық үйшігі) дайындау және ілу жөніндегі акциялар көзделген. Акцияның мақсаты: балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құстарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға ұқыпты қарауды тәрбиелеу, құстардың өміріндегі қызықты деректермен таныстыру. 

Осыған байланысты «Мамлют орман шаруашылығы» КММ 2025 жылғы сәуірде аралығында Белое орта мектебі, Краснознаменное орта мектебі, «№ 1 Мамлют мектеп-гимназиясы» КММ оқушыларымен бірлесіп «Құстарға қонаққа» акциясын өткізді.

Мектептегі балалар осы мақсатта жасанды ұялар (құс үйшігін) жасап, оларды ілуге мемлекеттік орман күзетімен бірге белсене атсалысты.

Құс үйшіктері - құстардың ұя жасауы үшін қолайлы орта. Сондықтан олардың бақтардағы, саябақтардағы, орман алқаптарындағы ағаштарда пайда болуы, әсіресе көктемде, қанаттылар жылы елдерден қайтып келген кезде, өзекті.

Құстарға үй салу - бұл қорғалмаған жандарға қамқорлық көрсету әрекеті. Құстардың көптеген түрлері адамның кінәсінен әдеттегі тіршілік ету аймағынан кетуге мәжбүр, алайда қанаттылардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасай отырып, адамдардың өздері де осы қайғылы жағдайды түзетуге қабілетті.

«Мамлют орман шаруашылығы» КММ
орманды қалпына келтіру және орман өсіру инженері
П. С. Косоурова