Оқушыларға арналған «Табиғатты сақтайық!» эко-сағаты

Оқушыларға арналған «Табиғатты сақтайық!» эко-сағаты

«Экологиялық насихат және қоршаған ортаны қорғау» іс-шаралар кешенін өткізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «№27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқушылары үшін «Табиғатты сақтайық!» экологиялық сағат өткізілді.

Аталған іс-шара аясында қатысушылар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және су ресурстарын ұтымды пайдалану тақырыбында танымдық викториналар өткізілді.

Экологиялық сағатқа қатысқан барлық 50 оқушы қатысқаны үшін марапатталды.