Өндірістік практика студенттерге оқу орындарында алған білімдерін бекіту және кеңейтуге, өндіріс жағдайында практикалық дағдыларды нақты игеруге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ-тың «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» тобының студенттері «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-де практикадан өтуде.
Практика студенттерге орман шаруашылығы саласы мамандарының қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көруге мүмкіндік береді. Практикадан өтуші студенттер тәжірибелі маманның орындаған әртүрлі процестерін бақылай отырып, отырғызу үшін топырақ дайындауды, орман дақылдарын отырғызу, жас екпелерге күтім жасау, алдын ала және егжей-тегжейлi қадағалауға қатысуға, есепке алынатын құжаттарды жүргізу және басқа да іс-шараларға қатыса алады. Бұл тәжірибе нақты жұмыс жағдайында мамандардың алдында қандай міндеттер тұрғанын түсінуге және білімдерін бекітуге көмектеседі.
Бір топ болып бірігіп жұмыс істеу, өз жұмысының нәтижелеріне жауапты болу және көшбасшылық қасиеттерді дамыту - практиканың маңызды аспектілері болып табылады. Студенттер ұжымда жұмыс істеуге үйренеді, бұл оларға кәсіби ғана емес, сонымен қатар мінсіз мансапқа жетелейтін қажетті жеке қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Бұл тәжірибе оларға табысты кәсіби қызметке дайын жоғары білікті мамандар болуға көмектеседі.
«Кызылжар орман шарушылығы» КММ-нің
орман патологы - инженері
Қ. Алпысова
«Булаев орман шаруашылығы» КММ базасында қыркүйек-қараша айлары аралығында «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығының 4 курс студенттерінің 3-ші өндірістік практикасы өтеді.
Практикадан өту кезінде студенттер уақытша питомниктердегі жұмыстарға, орман дақылдарының тұқымын дайындау, орман отырғызу жұмыстарына қатысады, орман шаруашылығының қызметімен танысады.
Практиканттар қазірдің өзінде орман шаруашылығының жұмысына белсенді қатысып, қайың тұқымын қабылдауға тұқым қоймасын дайындау, өсімдіктерді талдау және күту үшін орташа үлгіні жинау бойынша тәжірибе алды.
Өндірістік практикадан өту студенттерге орман шаруашылығы жұмысында, орман ағаш дақылдарын өсіру мен отырғызуда үлкен практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ инженері
Г. Е. Серебренников