2024 жылдың экологиялық акциялары

2024 жылдың экологиялық акциялары

Көктем - экологиялық акцияларды өткізу бойынша ең белсенді іс-қимылдардың басы. Жыл сайын барлық мемлекеттік орман шаруашылықтарында табиғатты қорғау шаралары өткізіледі, 2024 жылға 90-нан астам түрлі акциялар жоспарланған.

Ең жиі өткізілетін акциялар:

  • ағаш отырғызу бойынша, олардың ішінде ең жаппай «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Өз ағашыңды отырғыз», «Менің атымды ағашым», «Естелік аллеясы», бұл акциялар барлық орман шаруашылықтарында өткізілетін болады;
  • «Таза ормандар» акциясы екі кезеңде, бірінші рет мамыр-маусым айларында ауа-райының жағдайына байланысты өткізілетін болады, ормандарды қоқыстан тазарту, қураған сүректі жинау, сондай - ақ мемлекеттік орман қорын абаттандыру және жайластыру бойынша іс-шаралар, табиғи байлықты сақтау тақырыбында ақпараттық панельдер мен аншлагтар орнату – 28 акция өткізілетін болады.

2 кезең ағымдағы 2024 жылғы қыркүйекте 01 қарашаға дейін өткізіледі.

  • «Таза жағалау», «Игі істер жағалауы», «Бірегей су объектілерін сақтау» акциялары жағалау аймағын тұрмыстық қоқыстардан тазартуды қамтиды, 20-дан астам акция өткізу жоспарлануда;
  • «Республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштерін сақтау және абаттандыру» бойынша акциялар – 4 акциялар;
  • «Таза Қазақстан» акциялары;
  • «Тұрмыстық қоқыстарды бөлек жинау» акциясы – бұл қалдықтармен жұмыс істеудің жаңа жүйесінің пайда болуы мен дамуын ынталандыратын қозғалыс, ол принциптерге негізделген өңдеу, қайта пайдалану, қайта өңдеужәне адамдардың табиғи ресурстарға саналы, ұтымды көзқарасын қалыптастырады.

Кез келген қамқор тұрғын ауқымды жергілікті экологиялық шараларға қосыла алады немесе өз бастамасын ұсына алады.

Әрбір акция белгілі бір тақырыпқа арналған, бірақ олардың барлығы қолайлы қоршаған ортаны құруға, табиғи байлықты сақтауға, мемлекеттік орман қоры мен қалалардың аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің статистигі
С. Е. Сүлейменова