«Оқушыларға арналған Эко-сағаты» экологиялық акциясы

«Оқушыларға арналған Эко-сағаты» экологиялық акциясы

Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу және туған өлкенің табиғи ресурстарына ұқыпты қарау бойынша жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ басқармасы 2024 жылғы 14 және 15 наурызда Қызылжар ауданының Якорь орта мектебінде және Петропавл қаласының Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектебінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау және су ресурстарын сақтау бойынша «Оқушыларға арналған экологиялық сағат» өткізді.

Бастауыш сынып оқушыларына тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығы туралы анимациялық фильм мен презентация көрсетілді, тақырыптық викторина өткізілді, оның қорытындысы бойынша белсенді оқушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Барлық қатысушылар «Радуга» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуші кәсіпорын ұсынған көтермелеу сыйлықтары – тәттілермен марапатталды.

Сондай-ақ, балаларға су үнемдеу бойынша анимациялық фильм көрсетілді.

Экологиялық реттеу,
табиғатты қорғау бағдарламалары
және су шаруашылығы бөлімінің
бас маманы А. Славный