Оқыту семинарын өткізу

Оқыту семинарын өткізу

2024 жылдың 12 ақпанында «Соколов орман шаруашылығы» КММ Соколовка ауылының мәдениет үйінде 2023 жылғы жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша кеңес – отырысын  өткізді.

Директордың орынбасары мен инженерлер кеспеағаштарды шығару мен таксациялауға, өрт қауіпті кезеңіне дайындалуға, алдын ала  күйдіру жұмыстарын жүргізуге, әкімшілік материалдар жасауға, нормативтік-құқықтық актілермен танысуға қатысты отырыс және орман қорғау мамандарымен оқыту семинар -кеңесін өткізді.

 Кеңес - отырыс  қорытындысы бойынша орманшыларға нұсқаулар берілді:

  • орман өрттері  мен  тұтанулар фактілері бойынша КММ уақтылы хабардар етілуі  қамтамасыз етілсін (2024 жылғы өртке қауіпті мерзімінде);
  • техниканы жөндеуді аяқтау, өртке қауіпті кезеңнің басталуына дейін толық дайындыққа келтірілсін (2024 жылғы 18 наурызға дейінгі);
  • өндірістік жоспарға сәйкес уақытша орман тұқымбақтарын кеңейту, ағаш көшетттерін  өсіру, уақытша орман тұқымбақтарында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу, тұқым теру бойынша шаралар қабылдансын;
  • кеспеағаштарды игеруге, ағашты   босатуға, кеспеағаштарды тазартуға тұрақты бақылау жүргізу (тұрақты мерзім).

«Соколов орман шаруашылығы» КММ әкімшілігі