Орман – табиғаттың баға жетпес сыйы

Орман – табиғаттың баға жетпес сыйы

Орман – жасыл теңіз тәріздес жерді көркейтеді, ауаны тазартады, жарқын түстерімен, құстардың әнімен, жапырақтардың сыбдырымен адамның көңіл-күйін көтереді.

Орман – дәріхана, тамақ пен шикізат көзі. Бұл біздің байлығымыз, ұлттық қазынамыз. Оның адам өміріндегі маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес.

Қазақстандағы ормандар аумақтың шамамен 4,6%-ын алып жатыр, сонымен қатар орман алқабының жартысы – бұл кесілген сексеуіл тоғайлары, онсыз ормандылық шамамен 2,4%-ға тең, ал жекелеген аудандар мүлдем ормансыз.

Республиканың солтүстігінде, атап айтқанда, біздің облыстың аумағында қайың мен көктеректен құраллған шоқ ормандар бар. Осыған орай, олардың пайдалы қасиеттері туралы аздап еске салғым келеді.

Қайың – ақ діңі бар жер шарындағы жалғыз ағаш. Бұл бақтарда, саябақтарда, қалалар мен ауылдардың көшелерінде өсетін құнды сәндік өсімдік.

Оның бәрі бағалы: қайыңнан жиһаз, тұрмыстық заттар, қабығынан көркем бұйымдар жасалады. Оның жапырақтарымен және бұтақтарымен үй жануарлары мен жабайы жануарларды тамақтандырады. Сондай-ақ, қайың құнды дәрілік өсімдік болып табылады. Ағаш бөліктерінің түгелге жуығын әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданады: бүршіктерін, жас жапырақтарын, қабығын, шырынын.

Көктерек – өте әдемі ағаш. Оның сүрегі сіріңке жасау үшін ең жақсы материал болып саналады, одан қағаз, жасанды жібек және т.б. жасалады.

Көптеген жануарлар, құстар мен жәндіктер үшін орман – туған үй. Орманда сібір елігі, бұлан, қабан, түлкі, қоян, шіл, қарабауыр, қызыл құмырсқалар және фаунаның басқа түрлері мекен етеді. Өрт кесірінен жойылған орман орнында барлық жабайы жануарлар, құстар мен жәндіктер жойылады.

Осыған байланысты табиғаттың осы баға жетпес сыйын ұрпақтарымыз үшін қалай сақтауға болады деген сұрақ туындайды?

Біз кейде оған тым жабайылықпен қараймыз. Орманда бұтақтар мен жас ағаштар кесіліп, сындырылады, қоқыс үйінділері пайда болады.

Бірақ орманға ең үлкен және орны толмас зиян, көбінесе, адамның кінәсінен болатын өрттерден келеді.

Өрт өз жолындағы барлық нәрсені жояды: қодыраңды, жас ағаштар мен бұталарды, үлкен екпелерді зақымдайды және өлтіреді.

Өртте микро- және макроорганизмдер, жануарлар мен құстар өледі, ғимараттар, жабайы табиғатқа дайындалған азық-түлік қоры өртеніп кетеді. Өрт кесірінен орман ондаған жылдар бойы адамға пайдалы болмай қалады.

Құрметті өңір тұрғындары, ормандағы мінез-құлықтың қарапайым ережелері туралы ұмытпаңыз, орман екпелерінің сақталуына мұқият болыңыз!

Г. Е. Серебренников,
«Булаев орман шаруашылығы» КММ
орманды молықтыру және ағаш өсіру жөніндегі инженері