Барлығымыз Солтүстік Қазақстан облысының табиғатын, туған ормандарын, жазықтарын, өзендері мен көлдерін өте жақсы көреміз. Көптеген адамдар орманда серуендеуді, саңырауқұлақтар мен жидектер теру үшін орманға баруды, құстардың әнін тыңдауды немесе орман өзенінің немесе көлдің жағасында тыныштықта отыруды ұнатады.
Орман өртінің орны – қайғылы көрініс. Облыстың орман шаруашылығы қызметкерлері өрт орындарында қайың мен қарағай көшеттерін отырғызады.
Орман өртінің себебі 10 жағдайдың 9-нда антропогендік фактор болып табылады. Өрттердің көпшілігі пикниктер, саңырауқұлақтар мен жидектерді теру орындарында, аң аулау кезінде, тасталған жанып тұрған сіріңкеден, сөндірілмеген темекіден, қозғалтқыштардың газ түтіктерінің ұшқындарынан пайда болады.
Орман алқаптарында көбінесе орман төсемігін, өскін мен шілікті, шөпті-бұталы жамылғыны өртейтін төменгі қабат өрттері пайда болады. Құрғақшылық кезеңде жел кезінде жоғарыдағы өрттер аса қауіпті, онда өрт негізінен қылқан жапырақты ағаштардың бөрікбастарына де таралады.
Егер Сіз орманға көлікпен баратын болсаңыз, өрттің алдын алу шараларын ұмытпаңыз. Жүргізушілер мынаны есте ұстауы керек:
Орманда немесе оған жақын жерде тұтану анықталған кезде, басты міндет – өрттің күш алуына және таралуына жол бермеу. Ол үшін орман өрті туралы Басқарманың орталық диспетчерлік қызметіне 8 (715-2) 50-67-61 немесе 8(715-2) 53-36-45, 8 (715-2) 53-36-39 телефондары арқылы дереу хабарлау қажет.
Ормандағы тәртіп, саналы мінез-құлық және қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау ормандарды өрттен сақтаудың кепілі болады. Бұл әрқайсымыздың мүддеміз үшін.