Қайың шырынына тыйым салынған!

Қайың шырынына тыйым салынған!

Аяз басылғаннан кейін орманда сөл жүру кезеңі басталады. Ауа-райы неғұрлым жылы болса, бұл процесс соғұрлым белсенді болады.

Біздің Солтүстік Қазақстан облысының негізгі орман құраушы тұқымы ақ діңді қайың болып табылады, ал ауа-райының жылынуы басталуымен қайың шырынын сүюші адамдар балталармен және басқа да қол асты құралдармен жабдықталып, орманға барады.

Өкінішке орай, халықтың жекелеген санатының тұтынушылық құмарлығы көбінесе сана мен жауапкершілік сезімінен үстем болады, нәтижесінде мыңдаған қайыңдарды жабайылықпен құртады, олардың көпшілігі ауруға және тез өлімге душар болады. Қайың ағаштарындағы жаралар ұзақ уақыт бойы жазылмайды, бұл жерлерде ағаш шіри бастайды, қауіпті ағаштардың қоздырғыштары жаралар арқылы ағашқа енеді, бұл болашақта ақ діңгекті сұлудың өліміне әкеледі.

Қайың шырыны ағаш қысқы ұйқыдан оянып, өсіп, жапырақтары гүлденуі үшін бұтақтарға қажетті қоректік заттарды жеткізеді.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қайыңның ағаш шырындарын дайындау жоспар бойынша жақын арада кесуге тағайындалатын пісіп-жетілген және жасамыс ағашқұрамдарда жүзеге асырылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен қайыңның сөлін ағызу кесу жоспарларын бекітпей тағайындалмайды.

Шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы ресурстарды дайындау қағидаларына сәйкес шырынды кесуге кемінде бес жыл қалған басты мақсатта пайдалану үшін кесуге жататын екпелерде дайындауға болады, қайың шырынын дайындау ағаш кесу жылындағы өзге де мақсаттарда кесу және аралық мақсатта пайдалану үшін бөлінген учаскелерде де жүргізілуі мүмкін.

Шырын дайындау кезінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерде мемлекеттік орман шаруашылығы жазып берген орман билеті болуы тиіс.

Қайың шырынын дайындауды жүзеге асыруға болатын орман учаскелері туралы қажетті ақпаратты алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша орман шаруашылығына жүгіну қажет, онда орман заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша қажетті ақпаратты алуға және қайың шырынын заңды түрде дайындау үшін қандай рұқсат құжаттары қажет екенін білуге болады.

Әйтпесе, жағымсыз жағдайлар туындауы мүмкін, өйткені қайың шырынын және табиғаттың басқа да сыйларын дайындау Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 113-бабының 8-тармағымен және Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 368-бабымен нақты реттелген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Әкімшілік кодекске сәйкес:

Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін мынадай жауапкершілік көзделген:

  • жеке тұлғаларға он есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге мөлшерінде;
  • лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 есептік көрсеткіш немесе 103 500 теңге мөлшерінде;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 есептік көрсеткіш немесе 172 500 теңге мөлшерінде;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 есептік көрсеткіш немесе 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің маманы
С. Е. Сүлейменова