Техникалық минимум бойынша сабақтар өткізу

Техникалық минимум бойынша сабақтар өткізу

2023 жылғы 10 ақпаннан 10 наурызға дейін «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ орманды күзету және қорғау инженері Г. В. Сакенова Орлиногор, Қамсақты және Чкалов орманшылықтарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерімен міндетті техникалық минимум бойынша жыл сайынғы сабақтар өткізді.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Орман және Әкімшілік кодекстерінің нормаларын білу, олар алғаш жарияланған сәттен бастап осы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, сондай-ақ табиғат қорғау қызметін реттейтін заңнамалық базаны зерделеу және талқылау сияқты тақырыптарды қарады.   

Сабақтардың практикалық бөлігі аясында орман күзетінің қызметкерлері әкімшілік материалдарды құрастыру, табиғат қорғау заңнамасын бұзған кезде залалды анықтау, сондай-ақ орманның зиянкестері мен ауруларын анықтау дағдыларын тексерді. Сонымен қатар, қатысушылар өртпен күресудің ең тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, орман өрттерін сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы ережелеріне оқытылды.

Оқу аяқталғаннан кейін сабаққа қатысушылар 13-15 наурыз аралығында тестілеу әдісімен алған білімдерін тексеруден сәтті өтті.

Орлиногор орманшылығының
құрылымдық бөлімшенің басшысы
Тайкенов М. М.

 

2023 жылғы 17 наурызда «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ инженерлік–техникалық құрамымен орманшылықтар бойынша оқытудың күнтізбелік жоспарына сәйкес мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерімен міндетті техникалық минимум бойынша жыл сайынғы сабақтар өткізілді.

Сабаққа қатысушылар «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ бойынша ішкі бұйрықпен бекітілген келесі тақырыптар бойынша дәрістер тыңдады:

  • «Ағаш кесу ережелері»;
  • «Жанама пайдалану»;
  • «Кеспеағаштарды белгілеп өлшеу және таксациялау»;
  • «Орманды тамырға жіберу ережелері»;
  • «Орман дақылдарын түгендеу, техникалық қабылдау»;
  • «Орман тұқымы және орман мәдени өндірісі»;
  • «Заңсыз кесу, орманды күзетуді ұйымдастыру»;
  • «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі»;
  • «Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері»;
  • «Өрттің алдын алу, орман өрттерін сөндіру әдістері мен ерекшеліктері»;
  • «Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды ұйымдастыру және олардың сапасын бақылау қағидалары».

Сондай-ақ, мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар мәселелерін қарады.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
орман пайдалану инженері
Е. С. Гайворон