«Жер сағаты» экологиялық акциясын өткізу туралы хабарландыру

«Жер сағаты» экологиялық акциясын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2021-2024 жылдарға арналған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ 2023 жылғы 25 наурызда сағат 20: 30-дан 21:30-ға дейінгі кезеңде «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясының өткізілетіні туралы хабарлайды.

«Жер сағаты» Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау қорының (WWF) қамқорлығымен өткізілетін әлемдік деңгейдегі жаппай экологиялық акция болып табылады. Жыл сайын акцияға әлемнің 180 елінен және 7000-нан астам қаладан миллиондаған адамдар қатысады. Бұл табиғатқа ұқыпты қараудың символдық акциясы, ғаламшардың климатын сақтау және оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасау бойынша қатаң шараларға қоғамдық шақыру, WWF әлем жұртшылығын 1 сағат бойы электр энергиясын тұтынудан бас тартуға шақырады.

Акцияның маңыздылығын ескере отырып, өңірдің кәсіпорындарынан, ұйымдарынан, мекемелерінен және жеке тұлғаларынан оны қолдауға белсенді қатысуын сұраймыз.