«Мектеп оқушыларына арналған эко-сағат» экологиялық акциясы

«Мектеп оқушыларына арналған эко-сағат»  экологиялық акциясы

2023 жылдың 13 наурызында СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы КММ Басқармада М. Қозыбаев ат. СҚУ «География және экология» кафедрасының практикадан өтіп жатқан студенттері К. Каримова және И. Катаевамен бірлесіп «№ 21 орта мектеп» КММ-де 4 сынып оқушылары арасында «Су ресурстарына ұқыпты қарау» және «Қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу мәдениетін тәрбиелеу» тақырыптарында оқушылар үшін эко-сағат өткізілді.    

Іс-шара экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалаптастыруға бағытталған «Жайлау күні» - табиғатпен бірлесу күні аясында өткізілді.

Оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің, ғаламшардың су ресурстарын сақтаудың маңыздылығы туралы мультипликациялық фильмдер мен презентациялар көрсетілді, тақырыптық викториналар өткізілді. Викториналардың қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар дипломдармен және кәдесыйлармен марапатталды.

 

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғатты
қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы
А. Славный