Ағаш отырғызуды Интерактивті картадан бақылауға болады

Ағаш отырғызуды Интерактивті картадан бақылауға болады

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қарамағындағы мемлекеттiк орман қорының жалпы ауданы 549,6 мың гектарды құрайды, орманмен қамтылған жерлер 442,2 мың гектарды алып жатыр.

Өңiрдiң ормандылығы 5,5%-ды құрайды. Облыстың ормандары қайың-көктерек тоғайларымен қамтамасыз етiлген. Ормандардың ең үлкен аудандары М. Жұмабаев ауданында, Қызылжар, Аққайың аудандарында орналасқан.

Қазақстан Республикасының Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 01 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында орман жабылған алаңды және елдiң ормандылық пайызын ұлғайту мақсатында орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша ауқымды жобаны жариялады.

Осы тапсырманы iске асыру шеңберiнде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң 2021-2025 жылдарға арналған кешендi жоспарларын» әзiрледi, онда орман қоры аумағында орман отырғызу жұмыстарын орындау көлемiн ұлғайту көзделген.

5 жыл iшiнде 116 млн. 480 мың дана ағаш көшеттерiн отырғызу жоспарлануда, оның iшiнде жылдар бойынша: 2021 жылы — 3 380 мың дана, 2022 жылы — 6 119 мың дана, 2023 жылы — 23 179 мың дана, 2024 жылы — 38 765 мың дана және 2025 жылы — 45 мың дана 037 мың дана.

2 млрд. ағаш отырғызудың цифрлық мониторингiн қамтамасыз ету мақсатында геоақпараттық жүйелердi қолдануға негiзделген мемлекеттiк орман шаруашылықтары деректерiнiң инфрақұрылымының құрамдас бөлiгi болып табылатын Республикалық интерактивтi карта құрылды. Интерактивтi картаны Google Play дүкенiнен жүктеуге болады — OrmanKZ қосымшасы.

Қазiргi уақытта орман мекемелерiнiң инженерлiк қызметiмен бекiтiлген кешендi жоспардан (2021-2022 жж.) ақпарат және 2011 жылдан бастап орман отырғызу жұмыстары, орман екпелерi мен питомниктегi егiстiктердi толықтыру бойынша бұрын жүргiзiлген барлық жұмыстар енгiзiлген геодеректер базасы дайындалды.

Интерактивтi картада орман шаруашылығы, орманшылық, орам және телiмнiң атауы туралы ақпарат болады. Сiз гектардағы алаң, отырғызылған ағаштардың тұқымы мен саны, қолданыстағы орман питомниктерi туралы ақпарат, отырғызудың кешендi жоспарлары туралы ақпарат таба аласыз.

Сондай-ақ, орман шаруашылығы бойынша барлық жоспарланған көрсеткiштер және жоспарлы көлемдердiң орындалуын бақылау мүмкiндiгi картографиялық түрде көрсетiлген.

2021 жылы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман отырғызу жұмыстары 869 гектар алаңда жүргiзiлдi, оның iшiнде көктемгi кезеңде 562 гектар және күзгi кезеңде 307 гектар.

Ағымдағы жылы мемлекеттiк орман қоры аумағында ағаш отырғызу жұмыстарының жалпы көлемi 1700 гектарды құрайды, биылғы жылғы көктемгi ағаш отырғызу жұмыстары 835 гектар алаңда аяқталды. 865 гектар алқаптағы жұмыстар күзгi кезеңде жүргiзiлетiн болады.

Әр елдiң ұлттық байлығы ең алдымен табиғи ресурстардың болуымен анықталады. Қазақстан үшiн байлық көздерiнiң бiрi «жасыл алтын» деп аталатын орман болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшiн мемлекеттiк орман шаруашылықтарында тұқым материалдарын жинау көлемiн ұлғайту, питомник шаруашылығы алаңдарын кеңейту, орман отырғызу жұмыстарына арналған алаңдарды ұлғайту жөнiнде шаралар қабылданды.

Қазiргi және болашақ адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында облыстың табиғи-ресурстық әлеуетiн сақтау, қолайлы қоршаған ортаны құру жөнiндегi мiндеттер орман шаруашылығы қызметкерлерi үшiн басым болып табылады.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмi
С.Е. Сүлейменова