«Бiрге — таза Қазақстан!»

«Бiрге — таза Қазақстан!»

Мемлекет басшысының бастамасымен елiмiзде «Таза табиғат» ұлттық жобасы басталды, осы жоба аясында бiрқатар өңiрлерде «Бiрге — таза Қазақстан» акциясы өттi. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгi бастамасымен барлық жерде ағаш отырғызу, бұлақтар мен су қоймаларын, аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткiзiлдi.

Бүгiнгi таңда қоршаған ортаны қорғау мәселесi бiрiншi кезекте, тiршiлiк ортасын сақтау және жақсарту — адамдардың өмiр сүру сапасының ажырамас шарты. Экологиялық акция елiмiздiң оңтүстiгiнде бастау алды, оны республиканың барлық өңiрлерi белсендi және ұйымдасқан түрде қолдауда.

Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бiздiң өңiрдiң атқарушы органының өкiлдерiмен бiрлесiп, «Бiрге — таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы шеңберiнде 2022 жылы 30.04. Петропавл қаласының аумағында «Өз ағашыңды отырғыз» акциясын ұйымдастырды және өткiздi. 1 га алаңда Куйбышев және Боголюбов орманшылықтарының уақытша питомниктерiнен 7000 дана "кәдiмгi қарағайдың" көшеттерi отырғызылды. Акцияға 200-ден астам адам қатысты.

«Бiрге — таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы шеңберiнде облыстың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өңiрдiң атқарушы органдарының өкiлдерiмен бiрлесе 2022 ж. 30.04 «Өз ағашыңды отырғыз» акциясын өткiздi. 1 га алқапқа Куйбышев және Боголюбов орманшылықтарының орман күзетi күштерiмен уақытша питомниктерде дайындалған 7000 дана кәдiмгi қарағай көшеттерi отырғызылды, акцияға 200-ге жуық белсендiлер қатысты.

Осы акцияны iске асыру үшiн «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-мен нақты жұмыстар жүргiзiлдi, атап айтқанда: орман дақылдарын отырғызуға топырақ дайындалды, отырғызу материалдарын жеткiзу, суару жұмыстары ұйымдастырылды, сыйымдылығы 3 куб су құятын ыдыс, МТЗ-82 (ПКЛ-70, фреза), УАЗ (таблетка) техникасы жұмылдырылды, қажеттi құрал-жабдықтармен: күрек, шелек, қолғаптармен қамтамасыз етiлдi. Бұл акцияға мамандандырылған табиғат қорғау қызметтерiнен басқа, қоғам өкiлдерi, экология проблемаларына бейжай қарамайтын, барлық жерде теңескiсi келетiн айбынды еңбек ардагерлерi, озық жастар (әртүрлi оқу орындарының студенттерi), туған қаласын көгалдандыруға белсендi қатысатын курсанттар қатысқанын атап өткiм келедi.

Осы экологиялық жоба ауқымында орман шаруашылығы мекемесi ағымдағы жылға келесi iс-шараларды өткiзудi жоспарлап отыр:

  • эко белсендiлер, Боголюбов орта мектебiнiң мектеп орманшылығы мүшелерi, орман күзетiнiң қатысуымен «Таза орман» акциясы, «Табиғатқа iсiңмен көмектес» акциясы;
  • аңшылықтанушы және орман күзетiнiң қатысуымен жағалау аймағын тазалау бойынша «Таза жағалау» акциясы, «Құстарды қорғау акциясы».

Мұндай акциялар халықтың экологиялық мәдениетiн, табиғатқа жанашырлықты арттырады, болашақта әрбiр қазақстандықтың осындай iс-шараға қатысуын дәстүрге айналдыруымыз қажет.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
директоры Қ. Қалықов