Орманды қалпына келтiру жұмыстары

Орманды қалпына келтiру жұмыстары

Ағымдағы жылы «Соколов орман шаруашылығы» КММ бойынша өндiрiстiк жоспарға сәйкес 166 га алаңға ағаш отырғызу жоспарланған, оған 610 мың дана көшет отырғызу қажет.

«Соколов орман шаруашылығы» КММ бойынша жоспарлы тапсырмаларды iске асыру мақсатында орманды қалпына келтiру жұмыстары «көктем — күз» екi тәсiлмен жүргiзiледi.

Ағымдағы жылдың көктемiнде орман қорында ағаш отырғызу 265,8 мың дананы құрайды, оның iшiнде 145,8 мың дана қотыр қайың және 120,0 мың дана кәдiмгi қарағай 64,0 га алаңда.

Бұдан басқа, 60,0 мың дана көлемiнде ағаш отырғыза отырып, 84,0 га көлемiнде орман дақылдарын толықтыру жоспарланған.

Күзге 299,6 мың дана көлемiнде 102,0 га алқапқа орман отырғызу жоспарын орындау жоспарланған.

Отырғызу материалы орман питомниктерiнде өсiрiледi. Орман шаруашылығы аумағында жалпы ауданы 8,1 га болатын 4 уақытша орман питомнигi бар.

18-22.04. 2022 жылдар аралығында 325,8 мың дана екпе көшет көлемiнде көшет материалы қазылды.

Орманды қалпына келтiру инженерi Н.А. Евсюкова