2021 жылғы Солтүстiк Қазақстан облысының ормандарын қорғау жөнiндегi жұмыс қорытындылары

2021 жылғы Солтүстiк Қазақстан облысының ормандарын қорғау жөнiндегi жұмыс қорытындылары

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң жалпы ауданы 549,6 мың гектарды құрайды, оның iшiнде орманмен қамтылған ауданы — 442,2 мың гектар.

Екпелердiң тұрақтылығын сақтау және арттыру, олардың өнiмдiлiгiн ұлғайту, дiң зиянкестерiнiң санын азайту, орман ауруларының инфекциялық фонын азайту мақсатында санитариялық-сауықтыру iс-шаралары жүргiзiледi. Iс-шараларды өткiзу мерзiмдерiн таңдау сүрекдiңдердiң нақты санитарлық жай-күйi негiзiнде жүзеге асырылды.

Бiрiншi кезекте санитарлық-сауықтыру iс-шаралары орман өрттерi зақымданған және әлсiреген екпелерде, шамадан тыс (суланған) ылғалданған екпелерде, орман зиянкестерi мен ауруларының таралу ошақтарында тағайындалды.

Санитарлық-iрiктеп кесу тұрақтылығы бұзылған екпелерде жүргiзiлдi, онда кеуiп бара жатқан қураған және ауру ағаштар жиналып, көлемi 2400 м3 сүрек iрiктелiп, 295,2 га алаңда жүргiзiлдi.

Санитарлық-жаппай кесу санитарлық-iрiктеп кесу екпелердi сақтай алмаған учаскелерде тағайындалды. 2021 жылы санитарлық-жаппай кесу көлемi 238500 м3 бүлiнген сүректi iрiктей отырып, 2343,6 га алаңда жүргiзiлдi.

Өтiмдi қоқыстарды жинау 1169,2 га алаңда, 3010 м3 көлемiнде бүлiнген және дауыл сындырған сүректердi жинаумен жүргiзiлдi. Орнықты екпелерде санитариялық iс-шаралар бiрлi-жарым ақаулы ағаштарды алып тастау және олардың пайда болуына қарай қоқыстарды жинау жолымен жүргiзiлдi.

Барлығы 243910 м3 кесiлетiн қоры бар жалпы ауданы 3808 га санитарлық-сауықтыру iс-шаралары өткiзiлдi.

Облыстағы ормандардың жалпы санитарлық жай-күйi өткен жылдардағы орман өрттерi салдарынан бүлiнген екпелердiң болуына, орманның қурап қалуы мен ауруларының болуына қарамастан қанағаттанарлық.

Орман қоры аумағында 2021 жылы жалпы ауданы 90,2 гектар (шалғын шатырқанатты көбелек) орман зиянкестерiнiң таралу ошақтары жұмыс iстедi. Бүкiл аумақты мемлекеттiк орман иеленушiлер жер үстi әдiсiмен өңдедi. Өңдеу нәтижелерi бойынша инфекция ошақтары жойылды.

Аймақтың ормандарында биологиялық санитарлық шаралар жүргiзiлдi, оған жәндiктер құстарды (қараторғайлар, шымшықтар, тоқылдақтар, көкектер және т.б.) тарту кiредi, құстар үшiн ұя салуға қолайлы жағдайлар жасалады немесе ағаштарға жасанды ұя салады. 49,1 гектар алаңда құстар үйлерi iлiндi.

Бұдан басқа, орман екпелерiнде ағаш өсiмдiктерiнiң зиянкестерiн жою үшiн 140,5 гектар алқапта құмырсқаларды қоныстандыру және олардың илеулерiн қоршау жүргiзiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында Басқарма, орман шаруашылықтары және «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдiстемелiк орталығы» РММ СҚОФ мамандарымен жұмыртқа салу бойынша ашылмаған жiбек құртының карантиндiк орман зиянкестерiнiң ошақтарын анықтау мәнiне бiрлескен егжей-тегжейлi орман патологиялық зерттеу жүргiзiлдi, оның нәтижесiнде 2022 жылға орман зиянкестерiнiң шығуы анықталды. Өткiзiлген зерттеу деректерi бойынша жiбек құртының ошақтары анықталған жоқ.

2014-2018 жылдары жер асты суларының көтерiлуi орын алды, соның салдарынан жеке шұңқырлардың сулануы пайда болды. Кейбiр жағдайларда қайың-көктерек екпелерi өлiп, қазiргi уақытта батпақтану процесi жүрiп жатыр.

Қазiргi уақытта жалпы суланған алаңы облыс аумағында 17237 гектар. Бұл алаңдар ерекше бақылауға алынды және оларда республикалық орман селекциялық-тұқым өсiру орталығының орман патологиялық қызметi бөлiмiнiң мамандары орман патологиялық зерттеулер жүргiзедi. Әдетте мұндай жағдайларда орман патологиялық жағдайды жақсарту және осы учаскелерде тауарлық сүрек сапасының жоғалуын болдырмау үшiн Санитариялық қағидаларға сәйкес санитариялық ағаш кесудi жүргiзу ұсынылады. Мысалы, 2020 жылы санитарлық-жаппай кесу 1981 гектар алаңда, 2021 жылы 1872 гектар алаңда жүргiзiлдi.

Питомниктерде орман зиянкестерi мен тамыр зиянкестерiнiң жазғы-күзгi тобын анықтау мақсатында орман шаруашылығының мамандары 1364 шұңқыр мөлшерiнде топырақ қазу жұмыстарын жүргiздi.

2021 жылы жалпы ауданы 90 558 га орман патологиялық зерттеу жүргiзiлдi.

Орман учаскелерiнiң санитариялық және орман патологиялық жай-күйi алдағы 2022 жылға қажеттi санитариялық-сауықтыру iс-шаралары жоспарланған зерттеулер нәтижелерi бойынша айқындалды.

Басқарма тұрақты негiзде өңiрдегi орман алқаптарының орман патологиялық мониторингiн жүзеге асырады.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiнiң
бас маманы
Қ.Қ. Байтеңiзов