2021 жылғы орман табысының түсімі

2021 жылғы орман табысының түсімі

2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағындағы мемлекеттік орман шаруашылықтары жазып берілген ағаш кесу билеттері бойынша іс жүзінде барлығы 546,7 мың текше метр сүрек, оның ішінде іскерлік 37,9 мың текше метр және отын сүрегі 508,8 мың текше метр босатылды.

Жазып берілген орман билеттері бойынша: мемлекеттік орман қоры жерлерінде шөп шабу 545,6 гектар жерде жүргізілді, шөп шабу үшін алаң алаңқайларға бөлінді, 19 орман билеті жазып берілді; 17,8 гектар алқапта ара ұялары мен омарталарды орналастыру, 2 орман билеті жазып берілді, марал шаруашылығын жүргізуге 131,7 гектар алаңға 1 орман билеті жазып берілді («Сергеев орман шаруашылығы» КММ); ауыл шаруашылығы дақылдарын 971,5 гектар алқапта өсіру, техникалық шикізат дайындау (ағаш кесу қалдықтары сыпыртқы) ауданы 15 гектар.

184 гектар алаңда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалану үшін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда орман пайдаланушыларға 32 орман билеті жазылды.

Орман шаруашылықтарымен барлығы 585 орман пайдалануға рұқсат құжаттары берілді, оның ішінде - 518 ағаш кесу және 67 орман билеті.

Орманды пайдаланғаны үшін төлем облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 21.06. № 34/8 шешіміне және Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылы 05.07. № 5465 болып тіркелген шешімге сәйкес бекітілген ставкалар бойынша алынды.

Түбірлі сүрек үшін төлеу мерзімі бойынша төлемдер түсіміне 369 млн 089 мың теңге тиесілі болды, іс жүзінде 353 млн 339,4 мың теңге түсті. Мемлекеттік орман иеленушілер тиесілі соманың 100%-ын енгізді.

Салық кодексінің 588-бабына сәйкес сүрек дайындау бойынша ұзақ мерзімді орман пайдаланудың орман пайдаланушылары 20 млн 122 мың теңге сомасындағы бересі сомасын заңнамада белгіленген мерзімде (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) енгізеді.

Жанама пайдаланғаны үшін төлем толық көлемде келіп, 2 млн 464,8 мың теңгені құрады.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің маманы
С. Е. Сүлейменова