Қылқан жапырақты ағаштарды қорғау

Қылқан жапырақты ағаштарды қорғау

Жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты жас шыбықтарды қорғауды күшейту және заңсыз кесу фактiлерiнiң алдын алу мақсатында 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерiмен патруль жүргiзу үшiн 13 мобильдi топ құрылды және Ивановка а., «Вороний остров» ҚУ, «Теплые кусты» ҚУ аудандарында 3 стационарлық бекет орнатылды.

Сондай-ақ, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясы мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерiмен бiрлесiп бiр ай бойы сауда орындарында сатылатын жаңа жылдық шыршалардың алынған жерi мен сатушыларда құжаттардың бар-жоғына тексеру жүргiзiлетiн болады.

Осы күнге дейiн жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша шыршалар Ресей Федерациясының көршiлес облыстарынан әкелiнгенi және барлық тиiстi құжаттар, атап айтқанда өнiмнiң сертификаттары, карантиндiк фитосанитариялық бақылау актiлерi және сатушыларда тауар-көлiктiк жүкқұжаттары бар екендiгi анықталды.

Заңсыз ағаш кесу фактiлерi анықталған жағдайда ҚР Үкiметiнiң «ҚР орман заңнамасын бұзудан келтiрiлген залалдың мөлшерiн есептеуге арналған базалық ставкаларды бекiту туралы» 2007ж.31.05. №441 Қаулысына сәйкес жаңа жыл қарсаңында 1 қылқан жапырақты тұқымдыларды зақымдағаны немесе жойғаны үшiн 15 АЕК (43755 теңге) мөлшерiнде залалалды өтеу көзделген.

Сондай-ақ, мемлекеттiк орман қорына 100 АЕК-ке дейiн залал келтiрген бұзушыға ҚР ӘҚБтК 381-1-бабына сәйкес 291700 теңге мөлшерiнде айыппұл салынады. 100 АЕК-тен астам залал келтiрген құқық бұзушыға ҚР ҚК 340-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершiлiк жүктеледi.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
әкiмшiлiгi