Жаңажылдық кезеңде қылқан жапырақты ағаштарды қорғау

Жаңажылдық кезеңде қылқан жапырақты ағаштарды қорғау

Желтоқсанның 1-і мен 31-і аралығында «Булаев орман шаруашылығы» КММ мемлекеттік орман қоры аумағында 2021 жылдың жаңажылдық кезеңінде қылқан жапырақты ағаштардың заңсыз кесілуіне жол бермеу және жолын кесу мақсатында орман күзеті қызметкерлерінің мобильді патрульдері ұйымдастырылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Жүз айлық есептік көрсеткішке дейін зиян келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бойынша құқық бұзушыға 100 АЕК (291700 мың теңге) айыппұл салынады және ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы» қаулысына сәйкес жаңа жыл алдындағы кезеңде, 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін қылқан жапырақты тұқымдарды заңсыз кескені үшін келтірілген залал ағаш үшін 15 АЕК (43755) құрайды.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ әкімшілігі