Қарағай бүршiктерiн жинау

Қарағай бүршiктерiн жинау

Суық түсiп, қарапайым қарағай бүршiктерiн жинау жұмыстары да қолға алынды. Қарағай бүрлерi қазан айынан наурыз айына дейiн, қалыпты алқа ағаштарда өсiп тұрған ағаштардан қолмен жиналады.

2021-2025 жылдарға арналған өндiрiстiк iс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылы оны жинау көлемi бiрнеше есеге артты. «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-де қарапайым қарағай бүршiктерiн жинау жоспарының көлемi 13500 кг құрайды.

Жинау процесi өте көп еңбек жұмсалуын қажет етедi, өйткенi бүршiктердiң көп бөлiгi ағаштың жоғарғы жағында орналасқан, бiрақ орман күзетi жоспарды уақтылы орындаудың әртүрлi амалдарын табады. Қазiргi уақытта орман шаруашылығы бойынша 2000 кг астам қарағай бүршiктерi дайындалды және мерзiмге сәйкес жинау жұмыстары жалғасуда.

Ормандарды молықтыру
және орман өсiру инженерi
М.В. Матюхина